Қазақстандық жеңіліп көрмеген файтер Саламат Исбулаев-тың келесі қарсыласы ресми түрде белгілі болды. Ол 27 маусым күні АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтетін жекпе-жекте октагонға шығады.
Исбулаевтың қарсыласы — PFL-дің екінші нөмірлі файтері, рекорды 24-2 болған тәжірибелі спортшы А. Джей Макки. Ол бұрын Bellator ұйымының чемпионы атанып, жоғары деңгейдегі қарсыластарды жеңген.
Айта кетейік, Саламат Исбулаев PFL-дегі дебюттік жекпе-жегінде рейтингте үшінші тұрған Хесус Пинеда-ны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Алайда соған қарамастан, ол қазіргі уақытта рейтингтің 6-орнында қалып отыр.
Енді қазақстандық файтерге бірден дивизионның ең мықты қарсыластарының бірі ұсынылып отыр. Бұл оның чемпиондық белбеуге жолындағы ең үлкен сынақтардың бірі болмақ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!