UFC чемпионы Хамзат Чимаев Ронда Роузи-дің ұйымдағы жалақы деңгейіне қатысты сыни пікіріне жауап берді.
Бұған дейін Ронда Роузи UFC қазір бұрынғыдай ең үздік жалақы төлейтін ұйым емес екенін айтып, көптеген файтерлер қосымша табыс көзін іздеуге мәжбүр екенін, тіпті кейбір спортшылар отбасы асырауда қиналатынын жеткізген болатын.
Алайда Хамзат Чимаев бұл пікірмен келіспейтінін білдірді.
«UFC болмаса, Ронда Роузи де болмас еді. Мұндай сөз айту - тойынғадықтың белгісі. Мен ондайларды жек көремін. Жақсы төлей ме, жоқ па — айырмашылығы қандай? Ол Олимпиада чемпионы болған кезде қанша ақша тапты өзі?» — деді Чимаев өзінің YouTube-влогында.
Осылайша UFC-дегі жалақыға қатысты пікірталас қайта қыза түсті, ал Чимаевтың жауабы жанкүйерлер арасында үлкен талқылау тудырды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!