UFC чемпионы Мераб Двалишвили дағыстандық файтерлерге қатысты өз ойын ашық жеткізді. Ол жалпы бұл өңір спортшыларын құрметтейтінін айтқанымен, бір спортшыға қатысты ерекше пікір білдірді.

«Мен Дағыстанға қуана-қуана барар едім. Барлық дағыстандық файтерлермен ешқандай мәселем жоқ, тек біреуінен басқа. Маған Умар Нурмагомедов ұнамайды. Қалғандарының бәрін құрметтеймін, өйткені олар өте еңбекқор», — деді Двалишвили.

Сонымен қатар, ол әртүрлі елдерден шыққан спортшылар арасындағы қарым-қатынас туралы да айтты.

«Армения, Гүржістан, Шешенстан, Дағыстан — бәріміз доспыз. Әсіресе спортшылар арасында ешқандай өшпенділік жоқ. Біз тек жарысамыз, өз елдерімізді таныстырамыз. Бұл — отбасымызды асырау және үздік болу үшін қажет салауатты бәсеке», — деп қосты ол.

Осылайша, Двалишвили жеке көзқарасына қарамастан, жалпы спортшылар арасындағы сыйластық пен кәсіби бәсекені жоғары бағалайтынын жеткізді.