UFC файтері Хамзат Чимаев ықтимал қарсыласы Шон Стрикленд туралы пікір білдіріп, егер жағдай ушықса, оның шегініп кетуі мүмкін екенін айтты.

Бұл жағдай Чимаев пен Брендан Аллен арасындағы әңгіме кезінде қозғалды. Брендан Аллен UFC-дің көзтүйістіру жасамайтынын айтқанын жеткізді.

Чимаев бұл шешімге қатысты өз көзқарасын білдірді:

«Олар біз оны қыспаққа аламыз деп қорқады. Оның достары жоқ, тек бір ғана жаттықтырушысы бар. Егер біз бәріміз бірге барсақ, ол қашып кетеді», — деді Чимаев.

Айта кетейік, Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд арасындағы шиеленіс соңғы уақытта жиілеп, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.