Қазақстан сапынан үш спортшы жүлде үшін белдескенімен, медаль бұйырмады.
80 келіге дейінгі салмақта Ермахан Көшкінбаев қола жүлде үшін өткен белдесуде қытайлық Фэн Луқа 0:2 есебімен есе жіберді.
Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі де қола медальға таласып, үндістандық Джасприт Каурдан 0:1 есебімен жеңілді.
Ал 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Алина Ертөстік қытайлық Ли Вэньцзиге жол берді. Қола жүлде үшін өткен белдесу 0:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін, 29 сәуірде Қазақстан су добынан жағажай Азиадасының қола жүлдегері атанған еді.
Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!