Ол кумите бағдарламасында -60 кг салмақта бақ сынап, финалда түрік каратэшісі Мерт Халичті ұтты. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жек 5-2 есебімен аяқталды. Бұл салмақта қос қоланы Португалия спортшылары жеңіп алды.
Дінмұхаммед жарыстың топтық кезеңінде Италия, Франция және Португалия өкілінен басым түсті. Ал плей-офф сатысында Сауд Әл-башерді (Сауд Арабиясы), жартылай финалда Флориан Обитцтен (Германия) мықты екенін көрсетті.
Осы салмақта татамиге шыққан қалған отандастарымыз топтан шыға алмады.
Дінмұхаммед Айдарбек Испаниядағы А сериясы турнирінің жеңімпазы атанды
Испанияның Ла-Корунья қаласында өтіп жатқан каратэден А сериясы санатындағы жарыста отандасымыз Дінмұхаммед Айдарбек алтыннан алқа тақты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!