Астанадағы Grand Slam турнирінде Жалғас Қайролла ел намысын абыроймен қорғап, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы жарыс барысында сенімді белдесулер өткізіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші кездесуде ол Молдова өкілі Петру Пеливанпен татамиге шықты.

Финалдық белдесуде Жалғас Қайролла айқын басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы ұлттық құрама қоржынына төртінші жүлдені салды. Бұған дейін Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Шерзод Давлатов пен Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль жеңіп алған болатын.