Астанадағы Grand Slam турнирінде Аңсарбек Ғайнуллин жүлдегерлер қатарынан көрінді. Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Молдова өкілі Влад Митрумен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш жүлде тіркелді. Бұған дейін Талғат Орынбасар күміс медаль жеңіп алса, Шерзод Давлатов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!