«Дағыстандық бапкер және Бахрейн құрамасының бас жаттықтырушысы хабарласып, RAF лигасына қосылуды ұсынды. Мен бірден келісімімді бердім. Айқастан кейін жарақатым болмаса, міндетті түрде шығатынымды айттым. Сол ақпараттан кейін ресми жарияланды.

 

Қарсыласым әзірге белгісіз. Бірақ танымал ММА жауынгерлерімен шыққым келеді. Өйткені ондай қарсыластармен күресу ыңғайлырақ болады. Әрине, оңай деп айта алмаймын, бірақ жауапкершілік сәл өзгеше. Басты мақсат — жекпе-жекте жеңіске жету. Егер қарсыласым ММА файтері болса, біз үшін тіпті жақсы», — деді Алмабаев.