Джошуа Ван UFC 328 турниріндегі ең әсерлі жекпе-жектердің бірінде Татсуро Таираны жеңіп, ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын сақтап қалды.
Айқас бесінші раундқа дейін созылып, кездесудің соңында чемпион жарқын нокаутпен жеңіске жетті.
Джошуа Ван (17-2) осылайша UFC-дегі қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Татсуро Таира (18-2) мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап, екі жекпе-жектен тұрған жеңіс сериясын тоқтатты.
📊 UFC тарихындағы ең жеңіл салмақтағы ең ұзақ жеңіс сериялары:
🐭 13 — Деметриус Джонсон
🇧🇷 08 — Алешандре Пантожа
🏆 07 — Джошуа Ван
🇬🇧 07 — Мухаммад Мокаев
🇺🇸 06 — Джозеф Бенавидес
Джошуа Ванның келесі қарсыласы ретінде дивизионның бұрынғы чемпионы Алешандре Пантожа қарастырылып жатыр.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!