Хамзат Чимаев орта салмақта қалатын сияқты.

Дана Уайттың Хамзаттың жартылай ауыр салмаққа ауысуы мүмкін екені туралы сөзінен кейін, файтер әлеуметтік желіде Шон Стриклендке үн қатты.

Хамзат чемпионға:

— «Жақында тағы кездесеміз»  — деп жазды.

Осылайша Чимаев UFC 328 турниріндегі чемпиондық жекпе-жектен кейін Стриклендпен реванш өткізуі мүмкін екенін аңғартты.

Еске салайық, Хамзат Чимаев соңғы турнирде мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, Шон Стриклендке төрешілердің екі жақты бөлінген шешімімен есе жіберген еді.