Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде ел қоржынына тағы бір медаль салды.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Арапов Нидерланд өкілі Франк де Виттен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) турнир жеңімпазы атанса, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Ансарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!