Қазақстан құрамасының дзюдошысы Аида Тойшыбекова Астанада өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді.
Отандасымыз +78 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол италиялық Тициана Маринимен кездесті.
Белдесу барысында Италия спортшысы үш ескерту алып, жеңіс қазақстандық дзюдошыға берілді.
Осылайша, Аида Тойшыбекова ел құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!