Хамзат Чимаев UFC 328 турнирінен кейін Шон Стриклендпен реванш тақырыбын жалғастырып жатыр.

Бұл жолы файтер әлеуметтік желіде чемпионға:

— «Дайын болған кезде маған хабарла» @SStricklandMMA  — деп жазды.

Осылайша Чимаев орта салмақта қалып, Шон Стриклендпен екінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Еске салайық, UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, Шон Стриклендке төрешілердің екі жақты бөлінген шешімімен есе жіберген болатын.