UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Шон Стрикленд Нассурдин Имавовтың келесі титулдық жекпе-жекке шығатынын растады.

Стриклендтің айтуынша, ол әзірге Хамзат Чимаевпен ауыр айқастан кейін біраз демалып, жарақатын емдеп алмақ.

— Келесі қарсыласым — Имавов. Аздап демалып алайын, Ақ үйдегі турнирде досым Алекс Перейраны қолдауға барамын. Мұрным жазылсын, сосын қайта октагонға ораламыз, — деді Стрикленд.

Еске салайық, Нассурдин Имавов бұған дейін Стриклендпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Алайда сол жеңілістен кейін француз файтері қатарынан бес жеңіске жетіп, дивизиондағы басты претенденттердің біріне айналды.