77 келі салмақтағы финалдық белдесу жанкүйерлер күткендей жоғары деңгейде өтті. Тәжірибелі балуан Демеу Жадраев алғашқы минуттардан бастап белсенді күрес көрсетіп, белдесуді толық бақылауында ұстады.
Алматы облысының намысын қорғаған балуан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, техникалық және тактикалық тұрғыда өзінің мықтылығын дәлелдеді. Белдесу барысында Жадраевтың тәжірибесі, жылдамдығы мен сенімді қимылдары анық байқалды.
Осылайша Демеу Жадраев финалда Қаһарман Қисыметовтен басым түсіп, Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Демеу Жадраев — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол Қазақстандағы грек-рим күресінің ең тәжірибелі әрі мықты балуандарының бірі саналады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!