74 келі салмақтағы финалдық белдесу жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласының намысын қорғаған Нұрқожа Қайпанов белдесу барысында сенімді күрес көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша тәжірибелі балуан өз салмағында Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов — 2024 жылы Тиранада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.