Жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтон кәсіби мансабын аяқтайтынын UFC басшылығына ресми түрде хабарлады. Бұл ақпаратты ұйым өкілдері MMA Fighting порталына растаған.

38 жастағы америкалық соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Хоакин Баклиге қарсы техникалық нокаутпен жеңілген еді. Оған дейін ол чемпиондық айқаста Леон Эдвардстан жеңіліс тапқан болатын.

Ковингтон UFC-дегі мансабын 12 жеңіс және 5 жеңіліспен аяқтады. Ол өз уақытында Хорхе Масвидаль, Тайрон Вудли, Рафаэль Дос Аньос және Робби Лоулер секілді танымал файтерлерді жеңген етін.

Айта кетсек, жақында ғана Колби Ковингтон 14 маусымда өтеді делінген Ақ үйдегі UFC турнирінде өнер көрсетуге қызығушылық танытқан еді.

Соңғы уақытта америкалық спортшы күрес кездесулеріне жиі қатысып жүр. Биыл RAF аясында Люк Рокхолд жән Диллон Даниспен күресіп, жеңіске жетті. Сонымен қатар, ол 30 мамыр күні Техаста Крис Уайдманға қарсы матч өткізбекші.