Қазақстан кубогінің 70 келі салмақтағы финалында Алматы қаласының балуандары Бақдәулет Әкімжан мен Санжар Досжанов өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесуде Санжар Досжанов қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

Айта кетсек, Санжар Досжанов — 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.