Усманның айтуынша, спортшының шыңға шығуы үшін оған міндетті түрде мықты қарсылас қажет.

🎙️ Камару Усманның мәлімдемесі:

«Белгілі бір деңгейге көтерілу үшін саған жақсы би серігі керек. Конор Макгрегор болмаса, Хабибтің дәл қазіргі Хабиб болмайтынын бәріміз жақсы білеміз. Иә, бұл шындық.

Әрине, Хабиб өзінің таланты мен шеберлігінің арқасында шыңды бағындырды. Бірақ сол деңгейге жету үшін саған дәл сондай қарсылас, яғни үлкен сахнада жеңуің керек "жаман жігіт" қажет. Мен үшін сондай қарсылас Колби Ковингтон болды ма? Бұны айтқым келмесе де, мойындауға тура келеді — иә, солай».