Алматы қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Қазақстан кубогінде 92 келі салмақ дәрежесінде Алматы облысының өкілі Омар Жұмаш пен Атырау облысының балуаны Бекзат Аманғали өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесуде Омар Жұмаш жеңіске жетіп, Қазақстан кубогінің чемпионы атанды.

Айта кетсек, Омар Жұмаш — 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Турнир сол жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын.