Алматы қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Қазақстан кубогінде Едіге Қасымбек (Алматы обл) пен Әділ Әубәкіров (Астана қ) арасындағы белдесу өтті.
Кездесу барысында Әділ Әубәкіров алған жарақатына байланысты белдесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде жеңіс Едіге Қасымбекке берілді.
Айта кетсек, Едіге Қасымбек — 2025 жылы Самоковта өткен U20 Әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, 2026 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!