2026 жылғы 22–23 маусым аралығында Астана қаласында таеквондо спортындағы маңызды халықаралық додалардың бірі – Altaic Taekwondo Championships турнирі өтеді.

Бұл жарыс Алтай кеңістігіндегі елдер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жаңа халықаралық бастаманың алғашқы ірі жобасы саналады. Турнир ересектер мен жастар санаттары бойынша ұйымдастырылып, әлемнің әртүрлі елдерінен келген спортшылардың басын қоспақ.

Altaic Taekwondo Championships турнирі Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми жарыстар күнтізбесіне енгізілген. Сонымен қатар жарысқа G1 санаты берілген, бұл оның жоғары халықаралық мәртебесін және спортшылар үшін әлемдік рейтинг ұпайларын жинаудағы маңызын айқындайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир халықаралық деңгейдегі бәсекелестікті дамытуға, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына және өңірдегі таеквондо спортының дамуына жаңа серпін береді.

Астанада өтетін дода таеквондо жанкүйерлері үшін тартысты кездесулерге толы спорт мерекесіне айналмақ.