UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтинг көшбасшысы Йен Мачадо Гэрри жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы әрі қазіргі жартылай орта салмақ чемпионы Ислам Махачевтің жуырдағы мәлімдемесіне жауап берді.
Бұған дейін Махачев өзіне қарсылас ретінде Майкл Моралес немесе Камару Усманмен кездесуді қалайтынын айтқан болатын.
«Әрине, ол Моралеспен төбелескісі келеді. Моралес бұл спортта әлі ешкімді жеңген жоқ. Ол соңғы он жекпе-жегінде небәрі екі жеңіс алған Камару Усманмен төбелесуді қалайтынын айтты. Тіпті мен жеңген Карлос Пратеспен де кездескісі келеді. Ол менен басқа кез келген адаммен жұдырықтасуға дайын», – деді Гэрри әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.
Қазіргі мәлімет бойынша, Ислам Махачев келесі жекпе-жегін 15 тамыз күні Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде өткізеді. Ал оның қарсыласы ретінде Йен Мачадо Гэрри танылды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!