UFC жауынгері әрі Илия Топурияның ағасы Александр Топурия Джастин Гэтжиге қарсы өткен титулдық жекпе-жектен кейін команда қабылдаған шешімге қатысты пікір білдірді.

Александрдың айтуынша, Илия соңына дейін күресуге дайын болған, алайда оның денсаулығы бәрінен маңызды болған.

«Ол бұл жекпе-жекте жеңу үшін жанын беруге дайын еді. Сіздер үшін ол – “Эль Матадор”. Ал мен үшін ол – менің інім. Сондықтан жекпе-жекті тоқтатуға міндетті болдым», – деді Александр Топурия.

Еске салайық, UFC Freedom 250 турнирінің басты кездесуінде Илия Топурия Джастин Гэтжиге қарсы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Төрт ауыр раундтан кейін грузиялық файтердің бұрышы оны бесінші раундқа шығармау туралы шешім қабылдаған болатын.