Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлдеге ие болған қазақстандық балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының арнайы ақшалай сыйақысын да алады.

Бұл бастама ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін лайықты бағалауға және елімізде күрес спортын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шешімдердің бірі саналады.

Олимпиада ойындары

  • Алтын медаль: спортшыға – 150 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 15 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 30 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 100 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 10 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 20 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 50 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 5 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 10 000 АҚШ доллары.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 100 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 10 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 20 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 50 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 5 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 10 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 25 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 2 500 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 5 000 АҚШ доллары.

Азия ойындары

Ересектер арасындағы Азия чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 30 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 3 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 6 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 20 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 2 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 4 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 10 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 1 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 2 000 АҚШ доллары.

Отандық күрес тарихында бұл алғаш рет жасалынып жатқан ынталандару жүйесі күресті одан әрі дамытуға әрі насихаттауға оң әсерін береді деп сенеді сала мамандары.