66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қырғызбаев финалға дейін сүрінбей жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге қарсы шықты. Шешуші кездесуде жапон спортшысы жеңіске жетіп, қазақстандық дзюдошы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қола медаль үшін белдесті. Алайда шешуші кездесуде ол Ресей өкілі Аюб Блиевке есе жіберіп, жарысты жүлдесіз аяқтады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!