Нурмагомедовтың айтуынша, ирландиялық файтер Исламға қиындық туғыза алады. Дегенмен ол Махачевтің күрестегі шеберлігі, партердегі қадағалауы және соңғы жылдары айтарлықтай жақсарған соққы техникасы оған басымдық береді деп есептейді.

Сондай-ақ Усман Ислам Махачевті дәл қазір салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік файтер деп санайтынын жеткізді. Оның пікірінше, егер Махачев UFC 330 турнирінде жеңіске жетіп, жеңісті сериясын 17 жекпе-жекке дейін ұзартса, бұл ұзақ уақыт бойы жаңартылуы қиын тарихи рекордтардың біріне айналады.

Айта кетейік, Усман Нұрмағомедовтың өзі 25 шілдеде өтетін PFL турнирінде чемпиондық белбеуін америкалық Арчи Колганға қарсы қорғайды.