Құрлық біріншілігінде қазақстандық балуандар 7 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.
Азия чемпионы атағын 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бекасыл Ассамбек пен 74 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрдәулет Сейілбеков жеңіп алды.
Күміс жүлдеге Сұңқар Сейдахмет (70 кг), Бейбарыс Ерғали (92 кг) және Самир Дурсунов (97 кг) қол жеткізді.
Ал қола медальдарды 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалияхмет пен 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев еншіледі.
Осы нәтижелердің қорытындысы бойынша Қазақстанның U20 еркін күрес құрамасы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға көтеріліп, құрлықтағы көшбасшылығын дәлелдеді.
Еске сала кетейік, U15 және U20 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 2026 жылғы 27 маусымда Таиландтың Паттайя қаласында басталып, өз мәресіне жақындап келеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!