Ұлттық құрама жарыс қорытындысы бойынша 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, 168 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 85 ұпай жинаған Франция құрамасы иеленсе, Швеция құрамасы 75 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальдарды 55 келіге дейінгі салмақта Едіге Төлеутаев және 63 келіге дейінгі салмақта Ілияс Дәуітов салды.

Күміс жүлдегерлер қатарында:
— Айбат Рахим (55 келі);
— Жанболат Сапарбек (60 келі);
— Досжан Өтепқалиев (63 келі);
— Дінмұхамед Омаров (72 келі);
— Әлмір Төлебаев (82 келі). 

Ал қола медаль иеленген балуандар:
— Омар Ахон (60 келі);
— Шыңғыс Қайрат (63 келі);
— Николай Хапко (72 келі);
— Расул Жүніс (77 келі);
— Санжар Сабитов (82 келі);
— Аянбек Ибраев (97 келі).

Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы Испаниядағы халықаралық додада 13 жүлде жеңіп, жалпыкомандалық есепте үздік атанды.