Америкалық файтер Брэндон Ройвал UFC 329 турниріндегі жеңісінен кейін қазақстандық Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды.

Ройвал турнирде Лонэ Кавануды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, кейінгі сұхбатында келесі қарсыласы ретінде Алмабаевтың есімін атады.

Айта кетейік, Брэндон Ройвал UFC-дің ең жеңіл салмақ рейтингінде төртінші орында тұр және бұған дейін чемпиондық белбеуге таласқан. Сондықтан бұл жекпе-жек Асу Алмабаев үшін дивизионның үздік төрттігіне жақындап, чемпиондық мүмкіндікке бір қадам жақындаудың жақсы мүмкіндігі болуы мүмкін.

Енді UFC басшылығы қос файтер арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыра ма, жоқ па — әзірге белгісіз.