Америкалық файтер Брэндон Ройвал UFC 329 турниріндегі жеңісінен кейін алдағы жоспары туралы айтып, қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін білдірді.
«Мен бос отырғым келмейді, үнемі белсенді болғым келеді. Оның үстіне, мен де титулға үміткерлердің бірімін. Мен чемпиондық жекпе-жекке лайықпын.
Жекпе-жекті осылай аяқтағаныма қуаныштымын. Мерзімінен бұрын жеңіске жетпегелі біраз уақыт болып еді. UFC-ге алғаш келгенімде барлық жеңісімді мерзімінен бұрын аяқтап жүргенмін.
Мен 15 тамызда қайтадан төбелескім келеді. Бұл қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, бірақ октагонға мүмкіндігінше тезірек оралғым келеді. Жақында дүниеге келетін балам үшін ақша жинауым керек. Сондықтан ертерек тағы бір жекпе-жек өткізуім қажет», — деді Ройвал.
Айта кетейік, Брэндон Ройвал UFC-дің ең жеңіл салмақ рейтингінде төртінші орында тұр. Америкалық файтер Асу Алмабаевты ықтимал қарсыластарының бірі ретінде атады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!