48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әли Алмас жартылай финалда армениялық Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге шықты. Финалда оның қарсыласы ресейлік Солтан Юсупов болады.

55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі сенімді белдесіп, жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановтан 8:1 есебімен басым түсті. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде ол венгриялық Кеве Ковачпен күш сынасады.

Финалдық белдесулер бүгін, 28 шілде күні Баку қаласында өтеді. Қазақстандық балуандар ел қоржынына әлем чемпионатының алтын жүлделерін салуға мүмкіндік алады.