55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дияр Аманәлі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалдық белдесуде қазақстандық балуан Мажарстан өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Турнир барысында Дияр Аманәлі бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Грекиядан Николаос Зинисті, Ресейден Эдем Пайзиевті, Грузиядан Георгий Кеделидзені, Болгариядан Данимир Йордановты және финалда Мажарстаннан Кеве Ковачты тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатында екі жүлде бар. Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас күміс медаль жеңіп алған болатын.