Финалдағы тартысты белдесу
55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз шешуші сында Венгрия өкілі Кеве Ковачпен шеберлік байқасты:
-
Белдесуде Дияр бірінші болып ұпай еншіледі, кейін қарсыласы есепті теңестірді — 1:1.
-
UWW ережесіне сәйкес, алғашқы болып ұпай еншілеген Дияр Аманали жеңімпаз деп танылып, әлем чемпионы атанды!
Алтынға дейінгі жол
-
1/4 финал: Дияр қосымша көрсеткіштер бойынша грузиялық балуан Гиорги Кеделидзеден басым түсті.
-
1/2 финал: Болгария спортшысы Данимир Йордановты 8:1 есебімен айқын жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 әлем чемпионаты Бакуде 27 шілде мен 2 тамыз аралығында өтуде.
Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! 🇰🇿
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!