Оның сөзінше, алдын ала құрамға Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін), Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (80 келіден жоғары), сондай-ақ Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін) пен Назым Махмұтова (67 келіден жоғары) енген. Қалған салмақ дәрежелеріндегі спортшылар кейінірек анықталады.
Бас бапкердің айтуынша, құрамды жасақтау кезінде Қазақстан чемпионаты, Азия чемпионаты және халықаралық турнирлердегі нәтижелер ескерілген.
Есбол Сұлтанов Азия ойындарында бәсекенің өте жоғары болатынын атап өтіп, негізгі қарсыластар ретінде Оңтүстік Корея, Қытай, Иордания, Иран, Таиланд және Өзбекстан құрамаларын атады.
Ұлттық құраманың дайындығы Түркия, Алматы және Жапонияда өтетін оқу-жаттығу жиындарында жалғасады. Бас бапкердің пікірінше, команда дайындықтың бастапқы кезеңінде болғанымен, жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!