Құрама сапында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов (-60 кг) пен Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) бар. Сондай-ақ Азия ойындарына Бақытжан Әбдрахманов (-73 кг), Алмат Әділет (-81 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Марат Байқамұров (-100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) қатысады.

Олардың қатарында Олимпиада, әлемдік рейтингтік турнирлер мен Азия чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсеткен тәжірибелі спортшылар мен жас таланттар бар. Енді Қазақстан құрамасы құрлық додасына дайындықтың соңғы кезеңіне кіріседі.