Қазақстандықтың UFC-дегі алғашқы келісімшарты төрт жекпе-жекке есептелген болатын. Қазіргі таңда ол барлық төрт кездесуін өткізіп үлгерді. Алайда промоушен тарапынан жаңа келісімшартқа қатысты ресми шешім әлі жарияланған жоқ.
«Әзірге мен UFC-демін. Ұйым тарапынан мені босатты немесе басқа шешім қабылданды деген ешқандай хабарлама болған жоқ. Менеджерлерден жаңалық күтіп отырмын. Келіссөздер жалғасып жатыр. Алланың қалауымен, жақын арада бәрі ресми түрде белгілі болады», – деді Алмахан.
Бекзат Алмахан UFC-де төрт жекпе-жек өткізді. Дебюттік кездесуінде Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен жол бергенімен, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген болатын. Ал UFC-дегі жалғыз жеңісіне 2025 жылдың мамыр айында Брэд Катонаны алғашқы раундта нокаутқа жіберіп қол жеткізді. Кейін Александр Топурия мен Жан Мацумотоға төрешілер шешімімен есе жіберді.
Қазіргі таңда тараптар арасындағы келіссөздер жалғасуда. Бекзат Алмаханның UFC-дегі болашағына қатысты ресми шешім жақын уақытта жарияланады деп күтілуде.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!