Грек-рим күресінен 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлинұр Төлеуғали қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан ирандық Эсмаил Захердоусты жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен U17 құрамасы әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.

Еске салсақ, Дияр Аманәлі (55 кг) әлем чемпионы атанса, Әли Алмас (48 кг) күміс жүлдегер атанған болатын.