Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Айша 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен кездесті. Тартысты өткен финалда қазақстандық балуан 0:4 есебімен жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Финалға дейін Айша Венгрия өкілі Соня Верешті 8:3, америкалық Ив Скрокиді 7:6, Молдова балуаны Маргарита Лиситаны 13:12 және Грекия спортшысы Василики Каравануды 8:1 есебімен жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.
Осылайша, Айша Әбдімәлік Қазақстан құрамасының қоржынына U17 әлем чемпионатының кезекті жүлдесін салып, жасөспірімдер арасындағы әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!