Кешкі сессияда 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Інжу Баққожа мен 61 келі салмақта өнер көрсететін Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күреседі.

Екі балуан да жарыстың жартылай финалына дейін жеткенімен, шешуші кезеңге шығар жолда қарсыластарына есе жіберді. Енді олар үшінші орын үшін өтетін белдесулерде әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады.

Еске салсақ, жарыстың алдыңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) салған болатын. Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Енді Інжу Баққожа мен Аружан Бақытнұр ел қоржынына тағы екі жүлде салуға мүмкіндік алады.