46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы үшінші орын үшін өткен белдесуде 2026 жылғы U17 Еуропа чемпионы, Ресей өкілі Алина Баранованы 8:2 есебімен сенімді жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Інжу жарыс барысында жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Ол алғашқы белдесуінде Беларусь өкілі Анастасия Некляеваны 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, ширек финалда Қырғызстан балуаны Аяна Ниязбековадан 12:2 есебімен басым түсті. Жартылай финалда Үндістан өкілі Санья Вишнойға 0:3 есебімен жол бергенімен, қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде жеңіске жетіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Осылайша, Інжу Баққожа Қазақстан құрамасының қоржынына U17 әлем чемпионатындағы кезекті медальді салып, ұлттық құраманың табысты өнерін жалғастырды.