48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионатының финалына дейін жетті.
Алтын жүлде үшін өткен шешуші белдесуде Бақдаулет Үндістан өкілі Аарьянмен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Бақдаулет Ағабек Қазақстан құрамасының қоржынына U17 әлем чемпионатындағы кезекті алтын медальді салды.
Айта кетейік, бүгін жарыстың кешкі бағдарламасында 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сағындық Темірғали қола медаль үшін белдеседі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!