UFC-дің жартылай орта салмақтағы ирландиялық файтер Иен Гәрри Ислам Махачевке қарсы айқаста оны ерте нокаутқа түсіруді көздемейтінін мәлімдеді.

Гәрридің айтуынша, ол қарсыласын төрт раунд бойы толық бақылауда ұстап, тек содан кейін ғана мерзімінен бұрын жеңіске жетуді қалайды.

«Мен үшін ең мінсіз сценарий – жекпе-жекті төртінші раундта аяқтау. Ерте нокаут болғанын қаламаймын, өйткені ондайда түрлі сылтаулар айтылады. Төрт раунд бойы толық үстемдік көрсеткім келеді. Төртінші раундта бәріне алдын ала нокаут жасайтынымды ескертемін де, оны өз тұзағыма түсіріп, жекпе-жекті аяқтаймын», – деді Гәрри.

Айта кетейік, Ислам Махачев алғаш рет титулын ирландиялық файтер Иен Гәрриге қарсы қорғайды. Екі файтердің чемпиондық кездесуі 16 тамыз күні Филадельфия қаласында UFC 330 турнирінде өтеді.