2026 жылғы Азия чемпионаты Қазақстанның әйелдер күрес құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Команда турнирді жалғыз медальмен қорытындылады - 76 келі салмақта Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болды.
Бұл нәтиже алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мысалы, 2025 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бір алтын және бір қола медаль жеңіп алған еді.
Соңғы жылдардағы көрсеткіштерге назар аударсақ, 2024 жылы құрамамыз алтын медаль ала алмағанымен, төрт қола жүлде иеленген
Ал 2023 жылы әйелдер құрамасы өте жоғары нәтиже көрсетіп, екі алтын және үш қола медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, 2026 жылғы көрсеткіш сәтсіз деп бағалануы тиіс. Бір ғана медаль - соңғы жылдардағы ең төмен нәтижелердің бірі және жанкүйерлер үшін дабыл қағатын жағдай.
Бұл жағдай құраманың дайындық деңгейінде және ішкі бәсекелестік жағынан мәселелер бар екенін көрсетеді. Финалға шыққан спортшылардың болмауы, жүлделердің аздығы алдағы уақытта жүйелі өзгерістер қажет екенін аңғартады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!