Қазір қос файтердің өзара кездесулеріндегі есеп тең – екеуі де бір-бірінен төрешілер шешімімен бір реттен басым түскен. Алайда соңғы айқаста Петр Ян жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын. Осыдан кейін UFC басшылығы Двалишвилиге титул үшін бірден қарымта жекпе жек беруге уәде етті. Үшінші кездесудің нақты күні әзірге жарияланған жоқ.
Гүржі файтерінің айтуынша, бұл жолы ол жаттығу процесіне өзгеше көзқараспен қарайды.
«Бүгінгі жаттығу өте жақсы өтті. Жаңа позицияларды пысықтадық. Қазіргі дайындық нағыз жаттығу лагеріне ұқсайды. Алдағы жекпе-жекті жан-жақты талқылап, ақылмен дайындалып жатырмыз. Дәл осы өзгеріс маған қажет болды. Бұған дейін Петрмен жекпе-жекке тым ауыр жаттыққан едім. Бұл жолы көп емес, тиімді жаттығуға мән беремін», – деді Двалишвили өз подкастында.
Экс-чемпион жаңа дайындық әдісі чемпиондық белбеуді қайтаруға мүмкіндік беретініне сенімді.
«Бұл жолы нәтиже өзгеше болады деп ойлаймын. Белбеуімді қайтарып алып, кейін октагонға жиірек шығатын боламын», – деді гүржі спортшысы.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!