Бірлескен дайындыққа 30 елден 700-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен әлемдік додалардың жүлдегерлері бар.
Жиынға Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов пен грузиялық Лаша Шавдатуашвили, Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Сансиро Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және басқа да атақты дзюдошылар қатысуда.
Оқу-жаттығу жиыны Олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтуде және 15 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, мұндай ауқымды халықаралық бірлескен жаттығу жиыны Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!