16 тамыз күні Филадельфияда ресейлік файтер Ислам Махачевпен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатын Гәрридің айтуынша, әлемді әйелдер басқарса, өмір әлдеқайда жақсырақ болар еді.

«Егер әлемді әйелдер басқарса, біз әлдеқайда жақсы өмір сүрер едік. Тіпті оларды көбірек тыңдап, басқаруды соларға тапсырсақ, әлем әлдеқайда қарапайым әрі жақсы орын болар еді деп ойлаймын», — деді Гарри High Performance YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Иан Гәрри 2022 жылы британдық тележүргізуші әрі журналист Лейла Анна-Лиге үйленген. Жекпе-жек шебері жұбайына деген құрметінің белгісі ретінде оның тегін қабылдап, қазір Иан Мачадо Гәрри деген есіммен өнер көрсетеді.

16 тамызда UFC 330 турнирінде Гәрри жартылай орта салмақтың чемпионы Ислам Махачевке қарсы октагонға шығып, UFC-дегі алғашқы чемпиондық белбеуін жеңіп алуға тырысады.