Абдельазиздің сөзінше, Трамп жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Джастин Гэтжиге және осы дивизионның бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке ерекше құрметпен қарайды.

«Ол Гэтжимен бір үстел басында отырып, үш сағат сөйлесті. Бұл мені қатты қуанттатын жәйт — АҚШ президенті жауынгермен үш сағат бойы әңгімелесті. Ол Гэтжиге тәнті болды және оны құрметтейтінін көрсетті», — деді Абдельазиз.

Менеджер сонымен қатар Трамптың Хабиб Нурмагомедовке деген ерекше ықыласын атап өтті.

«Жалпы, президент АҚШ-та екі жауынгерді ұнатады: Джастин Гэтжи мен Хабиб. Ол — Хабибтің ең үлкен жанкүйері. Бір кездері мен оның Хабибке неге соншалықты тәнті екенін ойлайтынмын. Кейін Дональд Трамптың өзі бұл сұраққа жауап беріп, Хабиб туралы өзінің кітабында атап өткенін айтты», — деді Абдельазиз.

Дональд Трамп бұған дейін де UFC турнирлеріне бірнеше рет қатысып, аралас жекпе-жек өнеріне қызығушылығын ашық көрсеткен.