Ирландиялық жауынгер қазіргі уақытта пікірлерді, жеке хабарламаларды және өзі туралы жазылған жағымсыз пікірлерді оқымайтынын айтты. Гэрридің сөзінше, ол әлеуметтік желілерді тек алдағы жекпе-жегін насихаттау үшін пайдаланады.

«Интернетте маған негатив көптеп жазылып жатыр ма? Бұл туралы ештеңе білмеймін. Сын туралы хабарым жоқ, өйткені интернетте отырмаймын. Қазір мен әлемдегі ең үздік жауынгермен жекпе-жекке дайындалып жатырмын және бар назарым осыған бағытталған.

Әлеуметтік желілерді тек жекпе-жекті жарнамалау үшін қолданамын. Лентаны қарамаймын, пікірлерді оқымаймын. Командаммен бірге жарияланымдарды талқылаймыз, тақырыптарын ойластырамыз — бар болғаны осы. Тіпті мені белгілеген суреттерді де қарамаймын. Оның маған қажеті жоқ», — деді Гэрри.

Осылайша, ирландиялық спортшы сыртқы ақпараттық қысымнан барынша оқшауланып, мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің біріне дайындыққа толық көңіл бөлуді жөн көрген.